+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Қытай азаматтарының Қазақстанда 72 сағаттық визасыз болу мерзімі 1 шілдеге дейін тоқтатылды

2020 жылғы 28 қаңтар 12:00
Бөлісіңіз:
Қытай азаматтарының Қазақстанда 72 сағаттық визасыз болу мерзімі 1 шілдеге дейін тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай азаматтарының Қазақстан аумағында 72 сағаттық визасыз болу мерзімі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтатылды. ҚР Үкіметі бүгін ресми сайтында осы мәселеге қатысты арнайы қаулыны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында полиция заң бұзған азаматтың көлігіне оқ атты Қазақстанда 1 отбасының кәмелетке толмаған 15 баласы бар Рахман Алшанов: Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңнамада ортақ көзқарастар қамтылғаны дұрыс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.


2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT