Қытай әуежайларында шетелдіктер саусақ іздерін тапсыруға міндеттелді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 14-70 жас аралығындағы шетелдіктер Гуанчжоу, Бейжің және Шанхай әуежайларына келгенде саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

30 сәуірден бастап Бейжің әуежайындағы терминалдан төлқұжатты бақылау аймағына дейінгі аумақта арнайы автомат киоскілері орнатылған.

Саусақтардың таңбасын алу процедурасынан өтуге Қытай иммиграциялық қызметінің мамандары көмектеседі. Саусақ ізін тапсырған жолаушыға түбіртек беріледі, оны төлқұжат бақылауына өткізу қажет. Бұл мағлұмат компьютерлік деректер базасына енгізіледі және дактилоскопиядан қайта өту қажет етілмейді.

Бұл процедурадан дипломатиялық төлқұжаты,  European Union Laissez-Passer және гуманитарлық визалары бар азаматтар босатылады.

Еске салайық, 2017 жылдың 10 ақпанынан шетелдіктерді дактилоскопиялау Шэньчжэнде енгізілген еді. Мұндай процедураны Хайнань провинциясының әуежайына енгізу жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар