Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова онлайн-брифинг барысында қысқы қолғаптың коронавирустан қорғауына қатысты пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін шетелдік мамандар осындай зерттеу нәтижесін жариялаған болатын.

«Вирустың тұрмыстық заттардың үстінде ұзақ сақталатыны анықталды. Оның ішінде көлікте де вирус қалады. Егер адам қоғамдық көлікте қолданған қолғаппен мұрнын, бетін, маскасын ұстамаса, үйінің есігін ашпаса, онда вирус жұқпайды. Алайда, қол жуу - вирусты жұқтырмаудың ең тиімді тәсілі. Ал біз қолғапты жиі жумаймыз, ауыстырмаймыз. Қолғап қысқы ма, әлде күзгі ме - ол маңызды емес», - деді спикер.

Бұған дейін иммунолог маман әлемде жаппай вакцина қашан басталатынын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар