Қыс жақындаған сайын коронавирус жұқтырғандар саны өсуде – ДДСҰ басшысы

None
None
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Қыс жақындаған сайын солтүстік жарты шарда, әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америкада COVID-19 жұқтырғандар саны өсуде. Келесі айларда жағдай күрделі болады. Бұл туралы ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Тедрос Гебрейесус ұйымның қолдауымен пандемиямен күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған #WeAreFamily (Біз – отбасымыз) науқаны басталғанын хабарлады.

«We Are Family» («Біз – отбасымыз») танымал әнінің арнайы нұсқасын бейнероликпен шығарамыз. Онда атақты адамдар, дәрігерлер, басшылар және жұртшылық өкілдері бұл әнді бірге орындайды.

Науқан аясында бүкіл әлемдегі адамдарға жақындарымен және достарымен бірге бұл әнді шырқап, әлеуметтік желілерге бейнелер жүктеу ұсынылады.

Жаңа бастаманың мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жаһандық проблемаларды шешу үшін қаражат жинау, халықаралық ынтымақтастық орнату және қауіпті вируспен күресте әркімнің жауапкершілігін арттыру», - деді ДДСҰ директоры.

ДДСҰ басшысы бүгінгі таңда бұл өзара көмек бұрынғыдан да қажет деп санайды, өйткені ауруға шалдығушылар саны тез өсуде, яғни аурухана орындарына, соның ішінде жансақтау бөлімшелеріне мұқтаж адамдардың саны артып келеді.

«Солтүстік жарты шарда қыс түсіп жатқанда, біз аурудың көбейгенін байқаймыз, әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америкада», - деді ДДСҰ басшысы. Ол пандемияның солтүстік жарты шарда ауыр кезеңге аяқ басқанын, ауру жұқтыру деңгейі індеттің шарықтау шегі болған наурыз айындағыдан үш есеге жоғары екенін қайталап айтты.


Соңғы жаңалықтар