Қырымбек Көшербаев: Оливер Стоунның таңдауы Орталық Азия елдерінен Елбасыға түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері, «Алтын глобус» сыйлығының 5 мәрте иегері, атақты кинорежисер, продюсер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмнің көрсетілім алдындағы таныстырылымы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шарада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев сөз сөйлеп, фильмнің шығу тарихына тоқталды.

«Оливер Стуон мырза бұрынғы Кеңестер Одағындағы Орталық Азия мемлекеттерін осыған дейін жан-жақты зерттеген. Әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген. Жаңа заманның жаңа көшбасшысы ретінде таңдауы Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсіпті», - деді Қырымбек Көшербаев.

Сондай-ақ, ол Елбасының мұндай сүйекті туындыға қай жағынан да лайықты тұлға екенін атап өтті.

«Бұған байланысты мен бір-екі дүние айтайын. Бізде Ұлы далада, Қазақ елінде қалыптасқан бір жақсы дәстүр бар. Ол – «Еліңде кімің бар» деп сұрақ қою. Өйткені әр елдің келбетін оның табиғатының ландшафты емес, жерастының байлығы емес, тұлғалары, қабырғалы азаматтары қалыптастырған», - деді Мемлекеттік хатшы.


Соңғы жаңалықтар