Қырымбек Көшербаев: Достық үйлері мемлекеттік тілді дамытуға атсалысатын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Ассамблеяның стратегиялық міндеті не екенін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Стратегиялық міндет ретінде біз барлық этно-әлеуметтік топтарды біртұтас ұлтқа біріктіру жөніндегі көпжоспарлы жұмысты жалғастырамыз. Ассамблея құрылымдары - Достық үйлері мен лингвистикалық кабинеттер арқылы мемлекеттік тілді дамыту бойынша күш-жігерді де ұлғайтудың маңызы зор. Ассамблеяның және этномәдени бірлестіктердің әлеуметтік бағдарланған, қайырымдылық қызметін дамыту, сондай-ақ әртүрлі салалардағы волонтерлік институтын дамыту жөнінде шаралар қабылдау жалғасады», - деген Қырымбек Көшербаев аталған міндеттерді іске асыру үшін этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлерінің жанындағы қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының жұмысына жағдай жасап, материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылдауды қажеттігін атады.

«Этностарды қазақ халқының айналасындағы біріктіру мен топтастырудың орталығы ретінде достық үйлерінің жұмысын құруға тұжырымдамалық, жаңаша көзқарас қажет», - деді Мемлекеттік хатшы.


Соңғы жаңалықтар