+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Қырымбек Көшербаев Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

2020 жылғы 26 қараша 20:16
Бөлісіңіз:
Қырымбек Көшербаев Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режимінде өтті.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініштері қаралды.

Одан бөлек, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің азаматтықты өзгерту мәселелері жөнінде 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала нәтижелері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша Комиссия Мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттардың 1037 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

Комиссия 300 адамның Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтінішін қанағаттандыруды да ұсынатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT