Қыркүйектің басынан бері Павлодар облысында КВИ-дің тарау көрсеткіші 1,5 есе төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова өңірдегі коронавирус індетімен күрес жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Пандемия басталғаннан бері облыста коронавирус жұқтырудың 45 027 жағдайы тіркелді, оның ішінде сауыққандар саны 42 087 адам немесе 93,5%. Жалғасып жатқан жаппай егу және басқа да алдын алу шаралары қыркүйек айының басынан КВИ ауруының 1,5 есе төмендеуіне ықпал етті. Егер тамыздың жиырма күні ішінде 6847 адам ауырса, қыркүйек айында дәл осындай кезеңде – 4538», - деді А. Құрманова.

Оның айтуынша, қазіргі кезде 10 стационарда 811 адам КВИ -дан ем алуда, инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 41,7%. Осыдан бір ай бұрын облыс стационарларында 1709 адам болған, яғни инфекциялық төсек-орын жүктемесі 1,8 есеге төмендеді.

«Ковидтік госпитальдарға жатқызылатындардың саны (тәулігіне 200-ден 90 адамға дейін) азаюына байланысты 1000-нан астам инфекциялық төсек және 85 реанимациялық төсек кезең-кезеңімен қысқартылып жатыр. Ауылдық жерлерде, облыстық ауруханада жоспарлы медициналық көмек көрсету толық қалпына келтірілді, кардиологиялық орталықта жоспарлы емдеуге жатқызу толық көлемде жүргізілуде, жүкті әйелдер мен балаларға көмек көрсету үшін орындар қалпына келтірілді», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, эпидимологиялық жағдай нашарлаған жағдайда резервте тағы 2037 инфекциялық орын бар.

«Жансақтау бөлімінде 83 науқас, жүктеме 41,5 пайыздықұрайды. 12 науқас өте ауыр жағдайда», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар