Қыркүйекте жылдық инфляция 7 пайыз деңгейінде сақталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қыркүйекте жылдық инфляция 7 пайыз деңгейінде сақталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы қыркүйекте жылдық инфляция 7 пайыз деңгейінде сақталды. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі осы жылғы тамызда 10,9-дан 10,8 пайызға дейін аздап баяулады. Ет және сүт өнімдері, жұмыртқа бағасының өсу қарқынының баяулауы байқалды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсуі 5,5% деңгейінде сақталды. Ақылы қызметтерге бағаның жылдық өсуі осы жылғы тамызда 3,4 қыркүйекте 3,6 пайызға дейін электр энергиясына және білім беру қызметтеріне тарифтердің өсуі аясында жеделдетілді.

Ұлттық банктің осы жылғы қыркүйектегі инфляциялық күтулер бойынша үй шаруашылықтарына жүргізген пікіртерімі даму перспективаларын қысқа және ұзақ мерзімді бағалаудың барынша оң болғанын көрсетеді», - деді ол.

Оның айтуынша, үй шаруашылықтарының ағымдағы және болашақ материалдық жағдайын бағалау осы жылғы шілде-тамызбен салыстырғанда жақсарды. Қыркүйекте инфляциялық күту біршама төмендеді. Сондай-ақ бағаның қабылданатын және күтілетін өсуінің тікелей бағалау азайды.

«Тамызбен салыстырғанда респонденттердің аз бөлігі тамақ өнімдері бағасының, көп бөлігі азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтерге бағаның өскенін атап өтті. Жеделдетілген инфляциялық процестер жағдайында орта мерзімді болашақта жылдық инфляцияны біртіндеп бәсеңдету үшін базалық ставка осы жылғы 7 қыркүйекте +/-1,5 проценттік дәлізбен 9 пайыздеңгейінде сақталды. Базалық ставканың нақты деңгейі инфляцияның өсуін тежеп қана қоймай, экономикалық белсенділіктің қалпына келуін ынталандырады», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар