+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Қырғызстанға 55 тонна бензинді заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

2021 жылғы 25 маусым 10:54
Бөлісіңіз:
Қырғызстанға  55 тонна бензинді заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 55 тонна бензинді Қырғызстан Республикасына заңсыз алып өтпек болған. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылғы 10 маусымда «Айша бибі» өткізу пунктінде Жамбыл облысы бойынша МКД экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері Қырғыз Республикасына бензинді заңсыз әкету фактісінің жолын кесті.

Жалпы саны 54,6 тонна «Күрделі сұйылтқыш» тауары бар, Қырғыз нөмірлері бар «ДАФ»» маркалы автокөлік құралдары ұсталды, жөнелтуші-ЖШС Тараз қаласында тіркелген, алушы Қырғыз Республикасының жеке кәсіпкері болып табылады.

Автокөлік құралдары ұсталғаннан кейін материал Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

ҚР ҚМ МКК орталық кеден зертханасындағы физикалық-химиялық зерттеулер тауардың тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарға сәйкес келмейтінін көрсетті.


Бұзушылар «сұйылтқыштың» орнына жалпы сомасы 7 млн. теңгеге АИ-80 маркалы бензинді шығаруға тырысты.

«Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 197 - бабының 3-бөлігі (мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, сондай-ақ олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өңдеу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады», - деп хабарлады МКК.

Қылмыстық қудалау органы ҚР Заңнамасы аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT