Қырғызстандағы президент сайлауына 39 кандидат тіркелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясына Қырғызстан Президенті сайлауына қатысу үшін 39 адам өтініш берді, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстан республикасы Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, 2017 жылғы 26 шілдедегі жағдайы бойынша Қырғызстан Республикасының Президенті сайлауына қатысу үшін 32 адам өзін-өзі ұсынса, тағы 7 кандидатты саяси партиялар ұсынған.

Айта кетейік, елдегі президент сайлауы 2017 жылғы 15 қазанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар