Қырғызстанда Жогорку Кеңеш төрағасы мен Үкімет басшысы сайланды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда Жогорку Кеңеш төрағасы мен Үкімет басшысы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министр міндетін атқарушы болып сайланды . Бұл туралы шешім «Достук» қонақүйінде өткен Жогорку Кеңештің бүгінгі кезектен тыс отырысында қабылданды. Отырысқа 67 депутат қатысты.

Отырыста бұрынғы премьер-министр Кубатбек Боронов отставкаға кеткені жария етілді.

Еске сала кетсек, Садыр Жапаров 2013 жылы Қаракөлде митинг ұйымдастырғаны және өңір губернаторын кепілге алғаны үшін 2018 жылы 11, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол бүгін түрмеден босатылды.

Сонымен қатар, Жогорку Кеңеш спикері болып Мыктыбек Абдылдаев сайланды .

Парламенттің жаңа төрағасы кезектен тыс отырыс барысында сайланды. Мыктыбек Абдылдаев «Бир Бол» фракциясының депутаты.

Бұрынғы парламент спикері Дастанбек Жумабеков те отставкаға кетті.


Соңғы жаңалықтар