Қырғызстанда желшешек ауруын жұқтырушылар саны артқан

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасында жыл басталғалы желшешек ауруының өсімі байқалып отыр. Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі Аурудың алдын алу және мемлекеттік санэпидемиялық қадағалау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымға дейін 9 205 желшешек ауруын жұқтыру жағдайы тіркелген. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде олардың саны 1 364 болған еді. Ауру жұқтырушылардың саны едәуір артқан.

14 жасқа дейінгі 7 763 бала мен 1 442 ересек адам желшешек ауруын жұқтырған. Биылғы жылдың 5 айында 369 адам ауруханаға жатқызылған, ал 2021 жылы 93 адам болған еді.

Аурудың өсімі негізінен жабық үй-жайларда жақын байланыста болғандықтан, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында ұйымдастырылған ұжымдарда байқалады.


Соңғы жаңалықтар