Қырғызстанда үш күн қатарынан жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 қыркүйек күні сағат 17:51-де Қырғызстан аумағында қуаты 3 балл жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның КАБАР ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстан Республикасының ҰҒА институтының хабарлауынша, 2,5 балдық жерасты дүмпулері Алай ауданының Қара-Кіндік, Сары-Таш ауылдарында сезілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетсек, ҚазАқпарат бұған дейін Қырғызстанда 9 қыркүйек және 10 қыркүйекте жер сілкінгені туралы хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар