Қырғызстанда Үкімет басшысы мен оның орынбасарлары маска тақпағаны үшін айыппұл төлейді

None
None
БІШКЕК. Кабар - ҚазАқпарат – Бішкектің бас санитар дәрігері Кубан Кундашев пандемия кезінде санитарлық талаптарды сақтамаған Қырғызстан Республикасы үкіметі аппаратының қызметкерлеріне айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Құқық бұзу туралы кодекстің 150-бабы «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттердің, санитариялық ережелердің, гигиеналық нормативтердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу» бойынша министрлер кабинетінің басшылығына, хатшылық және Қырғызстан Республикасы үкіметі аппараты қызметкерлеріне 5 мың сомнан айыппұл салынды.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Үкімет үйінің алдында түсірілген сурет пайда болған еді. Онда Қырғызстанның премьер-министрі Кубатбек Боронов, үкіметтің бұрынғы басшысы Мухаммедкалый Аблгазиев, вице-премьер-министрлер, сондай-ақ Қырғызстан үкіметі аппаратының қызметкерлері көрсетілген.

Олардың барлығы медициналық маска тақпаған.

Кейінірек Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесінің отырысында үкімет мүшелерінен маска режимін бұзғаны үшін айыппұл төлеуін талап еткен.


Соңғы жаңалықтар