Қырғызстанда туристерге виза беру мерзімі 1 күнге дейін қысқарады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Шолпан-Атада министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровтың төрағалығымен туризмді дамыту жөніндегі ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отырыста жалпы туризм саласын дамыту бойынша ұсыныстар, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қабылдап жатқан шаралары талқыланды.

А.Жапаров биыл елге туристер көптеп келетінін айтты. Сондықтан алдағы туристік маусымға мұқият дайындалу қажеттігін атап өтті.

«Шетелдік туристерге электронды виза беру мерзімі қысқартылып, 2,5 күнді құрады. Бірақ бұл мерзімді бір күнге дейін қысқарту керек. Көлге апаратын жолдарды ұлттық киіз үйлермен безендіру қажет. Туристердің ең көбі Қазақстанмен шекара арқылы елге келеді. Өткізу бекеттерінде олар үшін жеке «жасыл» дәліз құру қажет, ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Біз мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында туризмді дамытуға бағытталған үздік жобаларды қолдауға дайынбыз», - деп мәлімдеді министрлер кабинетінің төрағасы.

Спикер туризмді дамыту жөніндегі кеңес шұғыл түрде аталған секторды дамытудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеуі тиіс екенін атап өтті.

Құрамына туристік салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер кіретін кеңес отырыстары ай сайын өткізіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша министрлер кабинетінің төрағасы туристік кешендер мен пансионаттарға кірме жолдарды жақсарту бойынша бірқатар тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар