Қырғызстанда тау көшкіні өзенді бөгеп тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасы ТЖМ басшысы Нұрболот Мирзахмедов төтенше жағдайға байланысты Жалал-Абад облысы Созақ ауданына барды, деп хабарлайды «Кабар» агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың 29 сәуірінде 09:30-да Құрманбек айылды аймағы Сары-Бұлақ ауылында Көк-Арт өзенінің сол жағында көлемі 1,5 млн текше метр болатын тау көшкіні жүрді. Соның салдарынан ұзындығы 320 м, ені 25 м, биіктігі 6 м, көлемі 48 мың текше метр болатын сырғыманың бір бөлігі Көк-Арт өзенін бөгеген. Осыған байланысты аталмыш өңірде төтенше жағдай жарияланды.

29 сәуірде Азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссия табиғат апатының орнын тексерді. Төтенше жағдай болған жерде штаб ұйымдастырылып, қауіпті учаскеде тұратын халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. видео

Соңғы жаңалықтар