Қырғызстанда тағы да жер сілкінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 қыркүйекте сағат 06:08-де Қырғызстан аумағында қуаты 2,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның Кабар жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҰҒА Сейсмология институтының хабарлауынша, 2 балдық жерасты дүмпулері Қара-Су ауданының Чийчи, Курак, Кабылан-Көл ауылдарында сезілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осыған дейін Қырғызстанда екі рет жер сілкінгенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар