Қырғызстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар аштық жариялады

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар аштық жариялады, деп хабарлайды Кабар агенттігі Қырғыз Республикасы Мемлекеттік жазаны орындау қызметінің (МЖОҚ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

МЖОҚ дерегі бойынша, сотталушылар жаңа заңнаманың енгізілуіне байланысты өмір бойына кесілген үкімді қайта қарауды талап етуде. Алайда, ведомство олардың талабын орынсыз деп атады.

«Заңға сәйкес өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылған адамдарға қатысты сот үкімдері, егер жаңа Қылмыстық кодексте осы әрекеті үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген болса, қайта қаралмайды», - деп атап өтті баспасөз орталығынан.

Мемлекеттік қызметте хабарлағандай, қызметкерлер арнайы контингентпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аштықты тоқтатуды сұрап жатыр.

Қырғызстан түрмелерінде 347 адам өмір бойына сотталған.

Фото: Sputnik.kg
Соңғы жаңалықтар