Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 200-ден асты

None
None
БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат - Қырғызстанда 6 сәуір күнгі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша COVID-19 жұқтырған тағы 69 оқиға тіркелді. Бұл туралы брифингте бүгін елдің Денсаулық сақтау министрі Сабиржан Әбдікәрімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қырғызстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 216 адамға жеткен.

«Расталған жаңа жағдайлардың барлығы обсервацияда болғандардан тіркелді. Елдегі эпидемиологиялық жағдай өршіп тұр», – деді ол.

С.Әбдікәрімовтің мәліметінше, 6 сәуірде 10 адам емделіп шыққан.

«Бүгін тағы 23 адамды ауруханадан шығаруды жоспарлап отырмыз. Олардың тесті теріс нәтиже көрсетті», – деп хабарлады С.Әбдікәрімов.

Сондай-ақ министр кеше Ош облысында COVID-19 вирусынан тағы екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Елде коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны - 4.


Соңғы жаңалықтар