Қырғызстанда ертең сайлау алдындағы «үнсіздік күні»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда ертең сайлау алдындағы «үнсіздік күні» басталады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

«Бүгін партиялардың үгіт-насихат жүргізетін соңғы күні, ертең «үнсіздік күні» жарияланады», - деп мәлімдеді ОСК баспасөз қызметі. «Үнсіздік күні» бүгін түн ортасында басталса, дауыс беру 11 желтоқсанда таңғы сағат 8-де басталады», - деп атап өтті ОСК.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда жергілікті кеңешке мен Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумдар 2016 жылдың 11 желтоқсанына белгіленген. 

Соңғы жаңалықтар