Қырғызстанда «Abai Uii» мәдени-іскерлік орталығы ашылды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда «Abai Uii» мәдени-іскерлік орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін «Отандастар қоры» коммерциялық емес АҚ Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасының базасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қырғызстанда тұратын отандастармен кездесу өткізді.

Жүздесуге «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Абықаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазбек Иса, Мақпал Тәжмағамбетова және қазақтар қауымдастығының төрайымы Гүлшат Асылбаева, Қырғызстанның қазақ қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында Бішкек қаласында «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйінің ашылу рәсімі өтті.

«Abai Uіi» орталығы жұмысының негізгі қағидаты шетелдегі қазақ ұлттық мәдени орталықтарын бірыңғай желіге біріктіру, ұлттың мәдени мұрасын насихаттау, шетелдік қазақтармен іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайту, қазақстандық бизнесті шетелде ілгерілету, тарихи Отанына көшуге ниет білдірген отандастарды репатриациялауға дайындау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Елшілігінің мәліметі бойынша, Қырғыз Республикасында 39 мыңға жуық этникалық қазақ тұрады.


Соңғы жаңалықтар