Қырғызстанда 94 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат - 30 наурыз күнгі жағдай бойынша Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 жаңа жағдай анықталған. Бұл туралы Республикалық жедел штаб отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Оның барлығы Жалал-Абад облысында анықталған. Осылайша Қырғызстанда COVID-19 диагнозы расталған 94 жағдай тіркелген. Олардың 49-ы – Жалал-Абад облысында, 33-і – Ош облысында, 7-еуі - Бішкек қаласында, 3-еуі – Чуй облысында, 1-еуі – Баткен облысында, 1-еуі – Нарын облысында.

Кабардың мәліметінше, бүгінде Қырғызстанда 1 459 адам обсервациялық бақылауда. Бұл туралы брифингте бірінші вице-премьер-министр Қубатбек Боронов хабарлады.

Ол СOVID-19 инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған адам саны - 7 307, олардың 2 085-і бірінші санаттағы байланысқа түскен адамдар (жақындары мен отбасы мүшелері), 5 222-сі – екінші санаттағы байланысқа түскен адамдар екенін айтты.

Бороновтың айтуынша, обсервациялық бақылаудағы 1 459 адамның барлығы - ауру жұқтырған пациенттермен байланыста болған азаматтар.

«Байланысқан 1 954 адам анықталды. Эпидемиологиялық жұмыстан кейін бұл сан өзгереді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар