Қырғызстан Президенті Қазақстан басшысына коронавируспен күресте қолдауы үшін алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өткен болатын.

Сондай-ақ шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізілді.

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері осы келіссөздерден соң бірлескен мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде өзге мәселелермен қатар екі елдің пандемияның жалғасуы жағдайында коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-қимылды жандандыру маңыздылығы сөз болды.

Осы тұрғыдан қырғыз тарапы Қазақстан Республикасының жәрдемі мен көмек көрсетуге әзірлігі, соның ішінде, гуманитарлық сипаттағы қолдауы үшін ризашылық білдірді.

«Эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттігін мойындай отырып, тараптар мемлекеттердің аумағы арқылы азаматтардың және көлік құралдарының транзиті мен еркін қозғалысы үшін келісілген шараларды қабылдау маңыздылығын атап өтеді»,-делінген мәлімдемеде.

Құжатта екі елдің қарым-қатынасына қатысты бұдан өзге де кең ауқымды мәселелер қамтылған.



Соңғы жаңалықтар