Қырғызстан парламентіне сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды

None
None
БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының сайтында автоматты есептегіш жәшіктерден (АЕЖ) алынған Жогорку Кенешке депутаттар сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 2494 автоматты есептегіш жәшіктің 2247-сінен мәліметтер алынған, бұл 90,10% құрайды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, сайлауға 3 млн 703 мың 420 электораттың 1 млн 182 мың 291-і келді, яғни 31,92%.

Қырғызстанда парламентке сайлау аралас жүйе бойынша өтті. Жогорку Кенешке 54 депутат бірыңғай сайлау округі бойынша пропорционалды жүйемен (саяси партиялар кандидаттарының ашық тізімі бойынша) таңдалады, ал 36 депутат бір мандатты сайлау округтерінде мажоритарлық жүйемен сайланады.

Парламентке өту үшін партияларға сайлаушылардың кем дегенде 5% дауысын жинау қажет.

АЕЖ-лерден алынған бірыңғай сайлау округі бойынша алдын ала мәліметтер:

№1 «Ата-Мекен» - 3.48%

№2 «Бүтүн Кыргызстан» - 6.74%

№3 «Альянс» - 8.23%

№4 «Легалайз» - 0.62%

№5 «Ыйман Нуру» - 6.01%

№6 «Күчтүү Регион» - 0.62%

№7 «Багыт» - 0.95%

№8 «Ынтымак» - 10.81%

№9 «Ишеним» - 13.50%

№10 «Азаттык» - 4.01%

№11 «Мекенчил Эл» - 1.54%

№12 «Кыргызстан жашылдар партиясы» - 0.41%

№13 «Жашасын Кыргызстан» - 0.44%

№14 «Социал-демократы» - 3.21%

№15 «Аруузат-Эл Куту» - 0.46%

№16 «Патриотическая Партия Единения Кыргызстана» - 0.96%

№17 «Улуттар Биримдиги» - 2.48%

№18 «Эл Үмүтү» - 4.46%

№19 «Ордо» - 0.46%

№20 «Улуу-Журт» - 0.71%

№21 «Ата-Журт Кыргызстан» - 16.86%

Барлығына қарсы - 2.17%.

Бүгін Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау басталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сайлауға барлығы 21 партия қатысты.


Соңғы жаңалықтар