Қырғызстан коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін енгізбек

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Қауіпсіздік кеңесі 22 наурыздан бастап ел аумағында төтенше жағдай режимін енгізуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, бүгін, 21 наурызда Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шағын құрамдағы отырысқа мемлекеттік органдардың басшылары, Үкіметтің Шу облысындағы өкілетті өкілі, Бішкек мэрі қатысқан.

Президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясының Қырғызстан аумағында таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар қаралған. Республикалық жедел штаб басшысы Қуатбек Боронов коронавирустың одан ары таралуына жол бермеу мақсатында бүкіл ел аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы ұсыныс енгізген.

«Бұл мәселені талқылау нәтижесінде шағын құрамдағы Қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысушылардың ұсыныстары ескеріле келе шешім қабылданды. Аталған шешімге сәйкес, Қырыз Республикасының Премьер-Министрі 2020 жылыдң 22 наурызынан бастап ел аумағында 1 ай мерзімге төтенше жағдай енгізу туралы ұсыныс жасайды. Қырғыз Республикасы Үкіметіне Қауіпсіздік кеңесі хатшылығымен бірге төтенше жағдай жарияланған жағдайда жедел әрекет етудің тиісті жоспарын әзірлеу тапсырылды», - деп жазады агенттік.


Соңғы жаңалықтар