Қырғызстан кезекті Консультативтік кездесу өткізу эстафетасын қабылдап алды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Орталық Азия елдері көшбасшылары Консультативтік кездесудің келесі өтетін орнын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Орталық Азия мемлекет басшылары шағын құрамда өткен кездесу аясында Қырғызстанды кезекті Консультативтік кездесу өткізетін мемлекет ретінде таңдап алды.

Еске салайық, кеше ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Ташкентке Орталық Азия мемлекет басшылары екінші консультативтік кездесуіне қатысу үшін сапармен барды.

Н.Назарбаев екінші Консультативтік кездесу аясында Консультативтік кездесудің Құрметті төрағасы мәртебесіне ие болды.

Мирас Қуандықов

Фото: president.uz

Соңғы жаңалықтар