Қырғызстан ІІМ: Атамбаевтың елден шығуына тыйым сала алмаймыз

None
None
БІШКЕК-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігі елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың елден шығуына және елге келуіне тыйым салынбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Алмазбек Атамбаев куәгер ретінде тергеу амалдарынан өтуі тиіс. Қырғыз Республикасының Қылмысты-процестік кодексінің талабы - осы. Заң бойынша, біз оның елден шығуына, елге кіруіне тыйым сала алмаймыз. Оның өзі қайтатынын жұртқа ашық мәлімдеп отыр. Елге келген соң құқықтық арнаға кіреді деп ойлаймыз. Дәлірегі, жауап алу процесіне өзі келеді. Сотқа дейінгі өндіріс бойынша тергеп-тексеру үздіксіз жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев «достарымен кездесу» үшін Канттағы Ресей әуе базасынан Мәскеуге ұшып кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар