Қылмыстық топ еліміздің төрт қаласына пойызбен есірткі тасымалдаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері есірткіні пойызбен тасымалдаумен айналысатын бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақпан айында көлік полицейлері арнайы іс-шара кезінде Нұр-Сұлтан, Павлодар, Семей және Екібастұз қалаларының аумағында есірткі тарату мақсатында пойызбен тасымалдап жүрген бір топ адамды анықтап, ұстады», - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.

Оның айтуынша, топ психотроптық заттарды әлеуметтік желілерде кэш-бетбелгі арқылы сату үшін «FaskGood» деп аталатын интернет-дүкен ашқан.

Тінту барысында 2 мыңнан астам доза психотроптық заттар, сондай-ақ оларды өлшеп-орауға арналған құрылғылар тәркіленді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді полиция полковнигі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


Соңғы жаңалықтар