Квазимемлекеттік сектордағы сатып алу туралы заң жобасы нені көздейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Квазимемлекеттік сектордағы сатып алу туралы бірыңғай заң жобасы әзірленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«2020 жылға жекешелендірудің кешенді жоспары аясында сатуда тұрған 30 нысанға қосымша тағы 34 нысанды сатуға қою жоспарланып отыр. «Самұрық Қазына» мен тиісті меморгандар осы жоспардың толық орындалуын қамтамасыз етуі керек», - деді министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Бұл ретте Президенттің тапсырмасы бойынша, барлық министрліктер, әкімдіктер мен ұлттық холдингтер мемактивтерді бәсекелі ортаға беру және оларды жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізу жөнінде қосымша ұсыныстарды 2 апталық мерзімде ҰЭМ-ге беруі тиіс.

«Жекешелендіру жоспарынан нысандарды алып тастау бойынша Үкіметке жүгіну практикасын тоқтату қажет. Сатып алу бойынша квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына бірыңғай тәсілдер белгілеу және бір көзден сатып алу үшін негіздерді қысқарту мақсатында квазимемлекеттік сектордағы сатып алу туралы бірыңғай заң жобасы әзірленеді», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар