Квазимемлекеттік секторда 13 қоғамдық кеңес құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Квазимемлекеттік секторда 13 қоғамдық кеңес құрылады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Барлық 13 қоғамдық кеңестің қызметі квазимемлекеттік сектоа құрылатын болады және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іші резервтері есебінен қаржыландырылады», - деді Болат Тілепов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Осы орайда вице-министр қоғамдық кеңестер қандай ұйымдарда құрылатындығын нақты атады.

«Менде квазимемлекеттік секторда құрылатын осы 13 субъектінің тізімі бар. Олар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-тан бастап «Бәйтерек» холдингі, «Зерде» холдингі, «Азы-түлік келісімшарт корпорациясы», «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясы, «Қазгеология», «QazExpoCongres», «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Kazakh Invest», «Kazakh export», «Kazakh Tourism компаниясына дейін», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар