Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экономикадағы рөлін қайта қарау қажет - Годунова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экономикадағы рөлін қайта қарау қажет. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Квазимемлекеттік секторда жүйелі проблемалар бар. Бұл мәселе Парламентте жан-жақты және бірнеше мәрте талқыланды. «Самұрық-Қазына» қорының өзін қоспағанда, олардың активтерін басқарудың айтарлықтай жақсарғанын әзірге айта алмаймыз. Биыл Есеп комитеті Президент Әкімшілігінің жүйе құраушы холдингтер мен ұлттық компаниялар қызметінің тиімділігіне аудит жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындау жұмыстарын аяқтайды. Нәтижесі қандай? Жалпыұлттық міндеттерге қол жеткізудегі әрқайсысының рөлін нақты анықтай отырып, олардың қызметін стратегиялық жоспарлауды жетілдіру маңызды деп санаймыз. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экономикадағы рөлін қайта қарау қажет. Олар пайда әкеліп, жаңа нарықтардың ашылуын тудыруы керек. Нарықтық бәсекелестік қалыптасқан жерде тек қана жеке бизнес дамуы тиіс»,- деді Наталья Годунова.

Сонымен қатар ол борыштық жүктемеге бақылауды күшейту; дивидендтік саясатты регламенттеу; сатып алуды қатаң бақылау; корпоративтік басқаруды жетілдіру; бейінді емес активтерден арылу, демек оларды күтіп-ұстауға жұмсалатын қомақты шығындарды азайту сынды жүйелі проблемаларды шешу қажеттігін баса айтты.

«Бірқатар компанияда мұндай жұмыс басталып кетті. Бірақ кейбір нормаларды заңнамалық деңгейде бекіту керек», - деді комитет төрайымы.


Соңғы жаңалықтар