Күзде Алматыда 250 мың ағаш отырғызылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Күзде Алматыда 250 мың жасыл желек отырғызылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз көктемде 8 мыңға жуық ағаш пен 110 мың гүлзар отырғыздық. Күзде 250 мың жасыл желек отырғызуды жоспарлап отырмыз, оның 218 мыңы - жапырақты ағаштар, 4 мыңы - қылқан жапырақты ағаштар», - деді Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов Алматыдағы экологиялық жағдайды талқылау барысында.

Өз кезегінде, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов бүгінгі таңде Алматыда 2,2 миллионға жуық жасыл желек бар екенін атап өтті.

Қазіргі таңда, Алматыда жасыл желек алаңдарының ауданы - 1 427 гектар. Бұл көрсеткішті 2 мың гектарға жеткізу қажет. Ал ағаштардың санын 3 миллионға дейін көбейті жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар