+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Кувейт авиакомпаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер орындайды

2019 жылғы 9 желтоқсан 13:55
Бөлісіңіз:
Кувейт авиакомпаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер орындайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы 2020 жылдың жаз айларынан бастап Қазақстанға тұрақты рейстер ашады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Кувейт әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға жағдай жасалды. Енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі елдің тағайындалған әуе компаниялары аптасына 14 тұрақты жолаушылар рейсін және 5-ші «әуе еркіндігі» бар шектеусіз жүк рейстерін орындау құқығына ие болды», - деп атап өтеді комитеттен.

Тараптар әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жобасының мәтінін алдын ала мақұлдап, оған қол қою жөніндегі жұмысты жалғастыруға келіскен. Сондай-ақ, екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшуларды орындау кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасауға мүмкіндік берілген.

«Қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде Кувейттің «Jazeera Airways« әуе компаниясы 2020 жылдың жазғы кезеңінен Қазақстанға тұрақты рейстерді бастауды жоспарлап отыр», - деді ведомстводан.

Бұған дейін Түркия, Малайзия, Австрия авиакомпанияларымен әуе қатынасын кеңейту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілгенін хабарлаған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT