Құтқарушылар Қапшағай жағалауынан жоғалып кеткен төрт баланы тапты
Балалардың жоғалғаны тралы хабарлама Алматы облысы Төтенше жағдайлар депаратаментіне (ТЖД) 25 шілде күні сағат 15:00-ден кейін келіп түскен. Соңғысы кешке 19:00 шамасында жоғалған.
Оқиға адам көп жиналатын жерде Қапшағайдың оңтүстік және солтүстік жағалауында болған. Адасып кеткен балалар 5-10 жас шамасында.
Балаларды іздеуге олардың ата-аналарына көмекке Қапшағай өңірінің Жедел іздестіру жасағының құтқарушыларынан жасақталған топ пен Қапшағай қаласының ТЖ бөлімінің жедел тобы келді.
«Барлық бала аман-есен табылды. Олардың барлығы жағалауда болған. Кейбіреулерін ата-аналары тапса, кейбіреулерін құтқарушылар тапты. Балалардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпейді. Алматы облысының ТЖД қайғылы жағдайларға жол бермес үшін азаматтардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды», - деп атап өтті Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі.