Құтқарушылар елорда маңындағы су тасқынының алдын алу жұмыстарымен айналысып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көктемнің келуімен елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала әкімдігімен бірлесіп, су тасқынының алдын алу бойынша ауқымды жұмыс ​жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астаналық құтқарушылар қаладан бөлек көршілес аймақтарға да​ тәулік бойы көмек көрсетуде.

Мәселен, ауқымды жұмыстардың бірі ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылында еріген қар суын сорғыту жұмыстарын ​ жүргізіп жатыр.

Аталмыш жұмыстарға барлығы 3 бірлік техника (ПНС-110, АР-2, КУНГ) және жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылған.

Ағымдағы жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша 39 333 м3 көлемінде еріген қар суы сорғытылды.

Қарды шығару, өзен арнасын кеңейту, бөгеттерді нығайту және су өту мониторингісінің арқасында құтқарушылар мен әкімдіктер елордада ауқымды су тасқынын болдырмай, су басудың ​ алдын алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар