+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

KustoHelp қайырымдылық жобасы: Ақмола облысында 3 000 отбасыға көмек көрсетілді

2020 жылғы 20 мамыр 00:26
Бөлісіңіз:
KustoHelp қайырымдылық жобасы: Ақмола облысында 3 000 отбасыға көмек көрсетілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында бизнес саласындағы қайырымды жандар коронавирус пандемиясымен күресуде облыс тұрғындарына көмек көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Пандемия кезеңінде жарияланған қайырымдылық акциясы шеңберінде халықаралық Kusto Group компаниясы Ақмола облысында 3 000 отбасына, 400 соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлері және олармен теңестірілгендерге көмек көрсетті.

Азық-түлікті бірінші кезекте Аршалы, Ақкөл, Бурабай, Зеренді, Целиноград, Біржан сал аудандарындағы және Көкшетау қаласындағы көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар мен халықтың осал топтары алды. Оны әкімдік қызметкерлері мен волонтерлік ұйымдар жеткізіп берді.

Сонымен қатар, компания инфекциямен күресуде медицина қызметкерлерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, кәсіпорын «Астананың қайырымды жандары клубы» және 100 белсенді азаматтың қолдауымен Ақмола облысындағы 28 елді-мекенге 1664 азық-түлік пакетін жөнелтті.

«Lider. Kz. Доброе сердце Кокшетау» қоғамдық қорының директоры Ирина Катухованың айтуынша, бүгінгі таңда волонтерлер Kusto компаниясы жинақтаған 500 азық-түлік пакетін жеткізуде.

«Қиын кезеңде отбасылардың көбі көмектен бас тартпайды деп ойлаймын. Әр пакетке азық-түлік пен тұрмыстық химия заттарының 25 атаулы түрін жинақтадық», - деп атап өтті Ирина Катухова.

Айта кету керек, инфекция жұқтыру қауіпі жоғары қарттарда назардан тыс қалған жоқ. Оның ішінде компания Целиноград ауданындағы «Шапағат» медициналық-әлеуметтік мекемесінің ғимаратын дизенфекциялаудан өткізді, 150 матрас, 80 жиынтық індетке қарсы костюм, 4500 жуық қолғап пен дезинфекция заттарын сатып алып берді. Сонымен қатар, компания қайырымдылық акциясы шеңберінде Сандықтау ауданының Шаңтөбе кентіндегі медициналық-әлеуметтік мекемедегі 50 адамды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT