+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Күшті жел, қар аралас жаңбыр - жексенбіге арналған ауа райы

2020 жылғы 18 қазан 05:33
Бөлісіңіз:
Күшті жел, қар аралас жаңбыр - жексенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қазанда Қазақстанның солтүстік бөлігінде циклон және сонымен ілесе келген атмосфералық ағындардың салдарынан ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
24-26 қараша аралығында ауа райы қандай болады Қазгидромет: Қарашаның 23-і күнгі ауа райы болжамы Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің қалған өңірлерінде орталығы Қарағанды облысында орналасқан антициклон әсерінен ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. Ақмола, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде 1 градус үсік жүреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT