+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Күшті жел, боран, тұман және көктайғақ - Бейсенбіге арналған ауа райы

2020 жылғы 23 қаңтар 00:11
Бөлісіңіз:
Күшті жел, боран, тұман және көктайғақ - Бейсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейсенбі 23 қаңтарда елімізде жел күшейіп, қар жауады, боран соғады, тұман және көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында қар басқан 6 жолды тазартып жатыр Ерейментау ауданында қар құрсауында қалған адамдар құтқару арқанымен эвакуацияланды 20 ақпан күнгі ауа райы болжамы

«23 қаңтарда Қазақстан аумағының көп бөлігіне Мурманск үстінде орналасқан циклон жырасы әсер етеді. Осыған байланысты қар жауады, батыста, солтүстік батыста, солтүстік шығыста және оңтүстікте жауын-шашын түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді», делінген ауа райы болжамында.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с-ден асып боранмен бірге соғады, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал, Қостанай облысында тұман күтіледі.

Павлодар облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с жетеді, кейде одан асып кетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысында жел түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында жел 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, Ақтөбе облысында боран соғады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT