Күшіміз бірлікте: Алматыда күнделікті екі мың адамға тағам дайындалып, таратылуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әскери қызметкерлерге, коммуналдық қызметкерлерге және ойран зардаптарын жоюға атсалысушыларға көмектесу үшін еріктілер бастамалары мен қайырымдылық акциялары белсенді түрде жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы «Рахым» әлеуметтік үйі 10 күннен бері барлық қызмет және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ыстық тамақ әзірлеп, таратуда. Бұдан бөлек, 6 қаңтардан бастап күніне 2 мыңға жуық адамға тағам дайындады. Бұл туралы «Рахым» әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының жетекшісі Бибінұр Шералиева айтты.

«Қала тұрғындары игі бастаманы блогерлер арқылы біліп, оны қолдап, барлығын ауқымды түрде ұйымдастырды. Бұл ең алдымен халықтың қуаты. Біз акцияны 6 қаңтарда бастадық. Сол кезде мен бұқтырылған макарон пісірдім, ол 130 порция болды. Блогерлерге пластикалық ыдыстарды сатып алуға көмектесулері үшін хабарластым. Жалпы, бұл жұмысты атқарып жүргеніме үш жыл болды. Қала қалпына келіп жатқанда, бұл бастаманың ауқымды акцияға айналуын, күн сайын ыстық тамақ беруімізді қалаймын. Біз қала тұрғындарына да хабарласа бастадық. Біз әлеуметтік үйде бір күнде 2000 порция тағам дайындадық. Үлкен қазандар мен азық-түліктерді алдық. Тұрғындар да көмектесе бастады. Мысалы, олар картоп, пияз, сәбіздерді үйлерінде тазалады. Біз сондай-ақ жиналған ортақ ақшаға сиыр сатып алдық. Жалпы, біз 6-нан бері жұмыс істеп жатырмыз, бүгін тура 10 күн болды. Он күннің ішінде 12 мыңнан астам порция тағам дайындадық. Кеше біз 1680-ін әзірледік», - деді Бибінұр Шералиева.

Әлеуметтік үйдің басшысы ыстық тамақ Ұлттық ұлан, ішкі эшелон әскерлеріне, арнайы жасақ, Бостандық және Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, коммуналдық қызметкерлерге, еріктілер, сондай-ақ, Алматыда қалған студенттерге таратылып жатқанын айтты.

«Бұдан бөлек, бірлесе тамақ және сусынмен қамтамасыз ету үшін біз демеушілерді де тарттық. Қаланың қайырымды азаматтары мен қала тұрғындарына рахмет. Біз бастадық, блогерлер мен халық біздің бастамамызды қолдады. Біздің күш-қуатымыз бірлікте және тұрғындар оған көмектесіп жатыр», - дейді «Рахым» әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының басшысы Бибінұр Шералиева.

Сондай-ақ ол аталмыш акция қала қалпына келгенше жалғасатынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар