Күшікті тірідей өртегендер жайлы полиция ақпарат берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының полицейлері күшікті қапқа салып өртегендерді іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео таралуда.

Бейнежазба авторлары қапқа салынған күшіктің үстіне бензин құйып өлтіретінін айтады. Кейін осы сұмдық істі қолдарымен жасап, қуана видеоға түсіреді. Өртенген тіршілік иесінің жан дауысы шығып, қаппен қоса жүгіре жөнеледі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтқа байланысты мәлімет берді.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы яғни, жануарларға қатыгездік таныту бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта Алакөл ауданында қылмысты жасағандарды анықтау және оларды ұстау бойынша кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Олар міндетті түрде заң алдында жауап береді»,- делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар