+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Құс тұмауының вирусы ауырған құстан адамға жұға ма

2020 жылғы 28 қыркүйек 14:32
Бөлісіңіз:
Құс тұмауының вирусы ауырған құстан адамға жұға ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы еліміздің бірқатар облысында құс тұмауының таралуына байланысты тұтынушылар білуі тиіс негізгі фактілерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құс тұмауының жағдайы бақылауға алынады деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта жеке аулалардағы құстарды тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізу қажет. Сондай-ақ, бұрын тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізбеген құс фабрикалар үшін вакциналар бөлу керек. Өйткені бұл аурудың соңғы өршуі Қазақстанда 2005 жылы тіркелген болатын. Сонымен қатар, құс фабрикаларының банкротқа ұшырауына және жеке қосалқы шаруашылықтардың залал шегуіне жол бермеу үшін кәсіпорындардың, құстардың өлім-жітімі орын алған жеке адамдардың шығындарының орнын толтыру мәселелерін қарастыру қажет деп санаймыз», - деді Қазақстанның Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы Максим Божко.

Қауымдастық мәліметінше, ауру тек мекиен тауықтардың арасында ғана таралады. Бройлер құсының ауруға ұшырауы тіркелмеген. Демек, өнеркәсіптік өндірістің құс етін, сондай-ақ одан жасалған өнімдерді тұтыну халық үшін қауіп төндірмейді.

Бұдан басқа, бүгінгі күні дүкендердің сөрелерінде ұсынылған құс фабрикаларының өнімдері ветеринариялық тексеруден өтеді және тиісті сертификат болған жағдайда тамаққа қолдану үшін мүлдем қауіпсіз болып табылады.

«Жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне келетін болсақ, індет жұмыртқа өндіру бағытындағы екі құс фабрикасында тіркелді. Қазіргі уақытта осы кәсіпорындардан өнімдерді жөнелту тоқтатылды. Жалпы, елімізде осындай 35 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың өнімдері қауіпсіздік пен сапаға толық тексеруден өтті», - деп атап өтеді қауымдастықтан.

Әдетте құс тұмауының вирустары ауырған құстан адамға жұқпайды. Дегенмен, кейбір жоғары патогенді штамдар адамдарда ауыр тыныс алу ауруын тудыруы мүмкін. Құс етін және одан жасалған өнімдерді тамаққа қолдану тиісті гигиена және тамақ дайындау ережелерін сақтаған кезде қауіпсіз саналады. Жақсы қайнатылған немесе қуырылған құс ешқандай қауіп төндірмейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT