Құс тұмауы: Өңірлерге 1 миллионнан астам вакцина таратылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құс тұмауының өршуіне байланысты Қазақстанның төрт облысына 1 015 518 вакцина берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, құс тұмауына қарсы вакцинамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша 2020 жылға бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, жыл басынан бері құс тұмауына қарсы вакциналардың 3 377 900 дозасы таратылды. Құс тұмауының тіркелуіне байланысты республикалық қордан қосымша 1 359 148 доза вакцина бөлінді (СҚО - 873 мың доза, Қостанай облысына – 21 мың, Павлодар облысы – 465 мың доза)», - деп хабарлайды министрліктен.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 22-23 қыркүйегінде өңірлерге қосымша 1 015 518 вакцина берілген:

Ақмола облысы - 510 300 доза;

Қостанай облысы - 345 218 доза;

Қарағанды облысы-100 000 доза;

Жамбыл облысы - 60 000 доза.

Сондай-ақ, қосымша 699 355 вакцина сатып алынған. Олар 1 қазанға дейін жеткізіледі.

Еске сала кетсек, бүгінде құс тұмауы тіркелген облыстардың саны жетеу болды .


Соңғы жаңалықтар