Құрылысшылар қауымдастығы Қазақстандағы ипотекалық несие нарығына баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының төрағасы Виктор Микрюков ипотекалық кредиттеу нарығындағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда шағын және орта тап үшін бір ғана ипотека бар – «7-20-25» өз баспанасы жоқ адамдарға арналған. Осы ипотека бойынша жыл басында қаржыландыру 600 млрд теңге болды. Бұл ипотека аяқталғаннан кейін әскери, жағдайы төмен және басқа санаттар үшін ипотекалық өнімдер ғана қалады. Орта деңгейдегілер үшін ипотека жоқ. «Баспана Хит» ипотекасы нарықтан шығарылды, өйткені коммерциялық банктер ипотека беруді тоқтатты. Бұл жақсы үрдіс емес. Нәтижесінде жеке құрылыс салушылардың ипотека пайызы төмендейді», - деді Виктор Микрюков Нұр-Сұлтандағы конференцияда.

Спикердің айтуынша, ипотекалық бағдарламалардың жабылуына байланысты нарықта сатылымның төмендеуі байқалады.

«Бұл жерде өңірлер бойынша үлкен соққы болуы мүмкін. Өңірлерде сатып алушылардың қаржылық қамтылу мәселесі күрделірек. Ипотекалық бағдарламаларсыз, аймақтық ипотекалық бағдарламаларсыз құрылыс жағдайы айтарлықтай нашарлайды. Құрылыс та тоқтауы мүмкін. Қазір қарап отырсақ, үш өңір құрылыстың драйверлері болып отыр – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент. Қалған қалалар салынып жатқан жоқ, қандай да бір серпінді даму жоқ», - деді ол.

«Біз зейнетақы жинақтары бойынша мәселе шешілгенін көріп отырмыз, бірақ оның тұрғын үй құнына әсері асыра бағаланған болатын. Сонымен қатар, ипотекалық бағдарламалар бойынша ұсыныс азаяды. Ипотекалық бағдарламалар жабылып жатыр. Құрылыс саласындағы «арзан» ақша әлдеқайда аз болады және бұл сәйкесінше құрылыс компанияларына және бағаларға кері ықпалын тигізеді», - деді Виктор Микрюков.


Соңғы жаңалықтар