Құрылыс саласындағы еңбекақы Қазақстандағы орташа жалақыдан 22% жоғары

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрылыс саласында істейтін жұмысшылардың жалақысы Қазақстандағы орташа жалақыдан 22% жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат RANKING порталына сілтеме жасап.

Ең жоғары жалақы Атырау облысы мен ел астанасында тіркелді. Кей өңірлерде құрылысшылар олардан үш есе аз табыс табады.

2020 жылдың алғашқы тоқсанында құрылыс саласында істейтін жұмысшы саны 170 мың адамды құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,7%-ға төмен. Оның ішінде нақты жұмыс істейтіндердің саны (жүктілік пен босануға және бала күтіміне байланысты демалыстағы адамдарды есепке алмағанда) – 150,8 мың адам болды. 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 4,3%-ға аз.

Құрылыс саласындағы орташа жалақы биыл бірінші тоқсанда 244,7 мың теңгеге жетті, яғни 2019 жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 13,8%-ға көп. Инфляцияны ескерген күннің өзінде таза өсім 7,4%-ды құрады.

Өңірлер арасында құрылысшылардың орташа жалақысы Қызылорда облысында – 117,5 мың мен Атырау облысында – 344,8 мың теңге аралығында.

Жоғары жалақы алатын өңірлер қатарында Нұр-Сұлтан қаласы (312,9 мың тг.) мен Маңғыстау облысы (298,4 мың тг.) бар.

Жамбыл (+43,3%), Батыс Қазақстан (+33,4%) облыстарында және Нұр-Сұлтанда (+33,4%) еңбекақының өскені анық байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда Атырау облысында ғана орташа жалақы 4,1%-ға төмендеген.


Соңғы жаңалықтар