Құрылыс нарығын монополиясыздандыру үшін кешенді іс-шаралар топтамасы әзірленеді
Оның атап өтуінше, құрылыс салушылар, бенефициарлар, компаниялардың меншік иелері, олардың басқа ұйымдармен үлестестігі, тұрғын үйді өткізу көлемі, бағалар, шығындар, материалдар мен қызметтерді жеткізушілер туралы ақпаратты жария етуге назар аудара отырып, тұрғын үйдің үлестік құрылыс заңнамасына өзгерістер енгізіледі. Үлестік құрылысқа қатысушылар арасындағы жауапкершіліктің аражігі ажыратылып, «біркүндік» компания құру тәжірибесіне және бас компаниялардың жауапкершіліктен жалтаруына тыйым салынады.
Үлескерлердің қаражатын тарту тәртібіне және олардың мақсатты пайдаланылуына мемлекеттік бақылау іске асырылады. Арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы қызмет тізбесінен тұрғын және тұрғын емес нысандар құрылысы алынып тасталады. Жер учаскелерін берудің және құрылыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды орналастырудың конкурстан тыс тәртібі жойылады. Үлескерлер қаржыландыратын және қосалқы мердігерлікке берілетін құрылыс жұмыстарының көлемі шектеледі.