Құрылыс компанияларына маман даярлауға тікелей атсалысу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Адал білім» жобалық кеңсесінің сарапшысы Лилия Испенбетова Қазақстан құрылысшылар одағының отырысында білікті құрылысшыларды даярлау ісін жолға қою жөнінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

«Біз құрылыс компаниялары мен жоғары оқу орындарының, колледждердің арасында маман даярлау ісі бойынша өзара байланыстың жаңа тәсілін ұсынамыз. Бұл тәсіл бойынша құрылыс компаниялары оқу орындарына абитуриенттен дайын маман жасап шығару бойынша әлеуметтік тапсырыс береді. Іріктелген талапкерді ол білім алу үшін ЖОО мен колледждерге жібереді. Ол қажетті білімін алып, өзін оқуға жолдаған құрылыс компаниясына оралады», - деді сарапшы.

«Адал білім» жобалық кеңсесінің сарапшысы мұндай тәсіл құрылыс компанияларына өзі тапсырыспен дайындап жатқан маманға берілетін білімнің сапасын қадағалау мүмкіндігін беретінін айтады.

«Құрылыс компаниясы жоғары оқу орындары мен колледждер арқылы маманды өзі даярлайды. Сондай-ақ, студенттерге құырылыс саласы бойынша беріліп жүрген білім бағдарламаларын қайта қарау қажет. Әлі де болса біздегі білім бағдарламалары құрылыстың қазіргі талаптарына бағдарланбаған», - деп түйіндеді Лилия Испенбетова.


Соңғы жаңалықтар