Күршім ауданында Абайдың еңселі ескерткіші бой көтерді – ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Абайдың еңселі ескерткіші бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күршім ауылында ұлы ақынның 175 жылдығына орай «Абай алаңы» салтанатты түрде ашылды.

Алаңның жан-жағына жарық шамдары орнатылып, төрінде ұлы ақынның мүсіні бой көтерді. Қоладан құйылған Абай ескерткішінің жалпы биіктігі – 6 метр.

Алаңның көркін ашып тұрған – музыкалық субұрқақ. Субұрқақтың ені - 10 метр, ұзындығы - 20 метр. Кешкі уақытта түрлі түске боялатын заманауи субұрқақ әуеннің ырғағына сай 15-20 метрге дейін көтеріледі.

«Аудан орталығында бой көтерген «Абай алаңы» жергілікті тұрғындар үшін зор қуанышқа айналарына сенімдімін», - дейді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.


Соңғы жаңалықтар