Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Ак Барсқа» есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер сәтті ойын өткізді. Бірінші кезеңде олардың қатарынан Кристиан Хенкель 4-минутта есеп ашса, 5-минутта Дмитрий Кагарлицкий есепті үстемелей түсті.

Оған елордалық клубтан Якуб Бертлунд 6-минутта бір голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңде ресейлік клубтан Николай Коваленко - 23, Кирилл Панюков - 27, Денис Зарипов 31-минуттарда мергендік танытса, 38-минутта Дмитрий Кагарлицкий аталған кездесудегі екінші шайбасын соқты.

Ал «Барыс» сапынан Валерий Орехов 30-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Үшінші кезеңде елордалық Егор Шалапов 41-минутта шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Десе де, бұдан кейін таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Кездесуде «Барыс» қарсыласынан 3:6 есебімен жеңілді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 13 қазанда Реесйде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші рет жеңіске жеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар