+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Йокерит» командасымен кездеседі

2021 жылғы 18 қыркүйек 15:24
Бөлісіңіз:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Йокерит» командасымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Финляндияның «Йокерит» (Хельсинки) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Авангардқа» есе жіберді Хоккей: Қазақстан құрамасын жеңген Италия қысқы Олимпиадаға жолдама алды Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Ак Барсқа» есе жіберді

Кездесу елорда уақытымен 19.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 13 мәрте шеберлік байқасты.

Оның жетеуі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында латвиялық клубтың мерейі үстем болды.

Еске салсақ, турнирдің биылғы алғашқы үш ойынында елордада ресейлік «Салават Юлаевтан» 1:5, «Металлург» (Магнитогорск) клубынан 1:2 есебімен жеңілді.

Одан кейін «Амур» (Хабаровск) командасынан 3:2 есебімен басым түсіп, төртінші ойынында ресейлік тағы бір клуб «Спартак» (Мәскеу) командасына 1:4 есебімен жол берді.

Ал Ресейде өткен ЦСКА командасымен ойында 6:3 есебімен жеңіске жетсе, Латвияда «Динамо» (Рига) командасына 2:3 есебімен есе жіберді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT